Зариф Парсы шығанағында аймақтық сұхбаттасу ассамблеясын құру туралы ұсыныс жасады
(last modified Thu, 25 Jan 2018 14:02:34 GMT )
Қаң 25, 2018 20:02 Asia/Almaty
  • Зариф Парсы шығанағында аймақтық сұхбаттасу ассамблеясын құру туралы ұсыныс жасады

ИИР-ның Сыртқы Істер Министрі Иранның сұхбаттасу үшін бұрын жасаған ұсынысының әлі күшін жоймағанын, көршілес елдердің де осы ұсынысты қабылдап, Еуропа мен батыстағы одақтастары да олардың құлшыныстарын арттыра түсетін күннің келетіндігіне үміт білдірді.

Мохаммад Джавад Зариф Түркияның Yeni Shafaq газетінде жарияланған мақаласында ДАИШ тобының көзі жойылған кезеңдегі аймақтық ынтымақтастықтар туралы баяндап: «ДАИШ-тың жеңілісі тек аймақтың үлкен бөлімдеріне ғана тұрақтылықтың оралатындығына үміт сыйлаған жоқ, сонымен қатар бұл жеңіліс жаңа түйткілдер мен дағдарыстарды өршіте түсті.    

Мықты, қауіпсіздік тұрғысынан біртұтас аймақ құру идеясы аймақтың тұрақтылығын қалыптастыруға көмектеседі. Үстемдік талап етуге және басқа ойыншыларды шығарып тастауға қарсы мықты аймақтың мақсаты барлық тараптардың мүдделеріне құрмет көрсетуге негізделген» деді.    

Зариф Парсы Шығанағы аймағындағы ұжымдық қауіпсіздіктің тиімділігін жоғалтқанына тоқталып: «Қауіпсіздікті арттыру Иранның бастамасы ретінде аймақтан тыс алпауыт елдерге арқа сүйеу деген іске жарағысыз цикл мен мұнайдан түскен долларларға қауіпсіздік сатып алу деген қиялға негізделген коалициялардан шығу үшін жалғыз шынайы жол саналады. Қазіргі тұрақсыздықтардан өту үшін тұрақтылық жаққа, бәрінен бұрын сұхбаттасу мен сенім тудыратын шаралар жаққа қарай әрекет еткен жөн» деді.