Сирияның Африн қаласында бірнеше түрік әскериі тұтқынға түсті
"Халықтың мүдделерін қорғау бөлімшелерінің" өкілі Сирияның Африн қаласындағы қақтығыстар барысында 16 түрік әскериінің тұтқынға түскенін хабарлады.
Fars ақпарат агенттігінің elnashra интернет торабына сілтеме жасап, бейсенбі күні хабарлауы бойынша, "Сирия демократиялық одағы" партиясының әскери тармағы "Халықтың мүдделерін қорғау бөлімшелерінің" өкілі Ахмад Шоуқи осы хабарды жариялап: "Бұл оқиға Джендерес ауданында орын алды. Аталмыш бөлімшелердің 4 адамы із-түссіз жоғалып кетті",-деді.
Келесі бір хабарда Сирияның Африн қаласындағы жергілікті басқармаға қарасты ақпарат көзі: "Африн – Сирияның ажырағысыз бөлігі. Күрд халқын қорғау бөлімшелері алты жылдан бері осы аймақты ДАИШ-тың шабуылдарынан қорғап келді.
Түркияның Африн қаласындағы әскери амалдарының мақсаты Сирияның бұл жерін бөліп алу болып табылады. Біз Түркияның басқыншылығына қарсы тұрып, өз жерімізді қорғаймыз",-деді.