Африн амалдарында Түркияның 300-ден астам сарбазы қаза тапты
Түркия әскерилері мен оның одақтас күштерінің Африн амалдарында қаза тапқандарының саны 300-ден асты.
«Спутник» ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, «Сирия демократиялық одағы» партиясы жұма күні Сирияның солтүстігіндегі Алеппо облысында орналасқан Африндегі Түркияның әскери амалдарының жетінші күні: «Басым бөлігін күрдтер құрайтын партияның күштері Сирияның солтүстігіндегі Африн амалдарында Түркия мен оның одақтастарының күштерінен 308 адамды өлтірді. Африн амалдарында осы партияның 43 мүшесі мен 59 қарапайым азамат қаза тапты»,-деп хабарлады.
«Сирия демократиялық одағы» партиясы Түркияның Сирия жеріне басқыншылығымен күрестің жалғасатынын қуаттап: «Түркия Сирия халқын жою үшін НАТО-ның әскери жабдықтары мен қару‑жарақтарын, Германияның сауытты көліктері мен танктерін пайдаланғанымен, сәттілікке қол жеткізбеді»,-деді.
«Ұлттық мүдделерді қорғау бөлімшелерінің» өкілі Ахмад Шоуқи бейсенбі күні Африндегі қақтығыстарда Түркияның 16 сарбазының тұтқынға түскенін хабарлады.