Сирия армиясы күштерінің алғашқы тобы Набль және Әз- Захра қалаларына кірді
Ақп 05, 2016 08:13 Asia/Almaty
Сирияның солтүстігіндегі Халеб облысының Набль және Әз- Захра қалашықтары азат етілген соң осы ел армиясының алғашқы бөлімшесі халықтың қарсы алуымен осы екі қалашыққа кірді.
Сирия армиясы мен халықтық қарсыласу күштері Набль және Әз- Захра қалашықтарының айналасында шайқасып, соңында сәрсенбі күні араға төрт жарым жыл салып, осы қалашықтардың қоршауын бұзды. Сирия армиясының бас қолбасшылығы өз мәлімдемесінде Набль және Әз- Захра қалашықтарын қоршауды тоқтатудың маңыздылығын қуаттап, осы екі қалашықтың қоршауын бұзудың Халебтің солтүстік маңындағы лаңкестік топтардың бас сауғалап жүрген жерлеріне шабуылды толықтыру үшін үлкен жеңіс болып табылатындығын мәлімдеді.
Тегтер