Джебран Басиль: Ливан өзін Израильдің кез келген басқыншылығынан қорғайды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i34441-Джебран_Басиль_Ливан_өзін_Израильдің_кез_келген_басқыншылығынан_қорғайды
Ливан Сыртқы істер министрі сионистік режимнің Ливанның жерлеріне байланысты айтқан уәждеріне қарсы реакциясында өз елі мен оның экономикалық мүдделерін қорғау үшін барлық құралдарды пайдаланатынын қуаттады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Ақп 01, 2018 22:29 Asia/Almaty
  • Джебран Басиль: Ливан өзін Израильдің кез келген басқыншылығынан қорғайды

Ливан Сыртқы істер министрі сионистік режимнің Ливанның жерлеріне байланысты айтқан уәждеріне қарсы реакциясында өз елі мен оның экономикалық мүдделерін қорғау үшін барлық құралдарды пайдаланатынын қуаттады.

Сионистік режим Ливанға БҰҰ-ның бас хатшысы кеңсесі арқылы жолдаған хатында: "Ливанның мұнайлы тоғызыншы ауданы Израиль билігінің қол астында. Сондықтан Ливан бұл аймақта жерді қазу жұмыстарын жүргізуге байланысты тендер өткізуді шетелдік компанияларға ұсынуға құқығы жоқ",- деген уәж айтты.

Ливан Сыртқы істер министрі: "Тоғызыншы мұнайлы аудан бұл елдің ажырамас бөлігі болған. Тель-Авивтің қоқан-лоққылары мен оның Ливан жеріне ықтималды басқыншылығы жалғасатын жағдайда сионистермен күресеміз",- деп мәлімдеді.