Израильдік бір ұйым Газа секторында адами апаттың орнағанын мойындады
Израильдік бір медициналық ұйым Газа секторындағы палестиналық науқастардың осы аймақтың Мысыр мен сионистік режим тарапынан жан-жақтан қоршауға алынуына байланысты дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдықтардың қатты тапшылығы салдарынан апатты жағдаймен бетпе-бет келіп отырғанын мойындады.
Палестинаның ақпарат тарату орталығының бүгін сенбі күнгі мәліметі бойынша, Doctors for Human Rights деген медициналық ұйым мәлімдеме жариялап, Газа секторындағы ауруханаларда әртүрлі дәрі-дәрмек түрінің таусылып жатқанын хабарлап: «Осы аймақтағы көптеген науқастар сионистік режимнің емделу үшін шетелдерге шығуына кедергі жасауы салдарынан қатты қиналуда» деп мойындаған.
Медициналық ұйымның хабарлауы бойынша Газа секторын қоршауға алумен аталмыш аймақтағы науқастар дәрі-дәрмектің кем дегенде 500 түрі мен медициналық құрал-жабдықтарды қажет етеді. Бұл Газа секторында дәрігерлердің жалақыларын азайтуына байланысты олардың көбі тегін немесе мардымсыз жалақыға жұмыс істеуге мәжбүр жағдайда орын алып отыр.
Doctors for Human Rights дәрігерлер ұйымы сонымен қатар Газа секторындағы ауыр жұттың алаңдатарлық жағдай екенін мәлімдеді.
Сионистік режим 2006 жылдан бері Газа секторын қоршауда ұстап отыр.