Йемен әскері Арабстанның Patriot қорғаныстық жүйесін жойды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i34685
Йемен Әскері мен халықтық комитеттерінің зымырандық жасағы Йеменің оңтүстік-батысында саудиялық режимнің Patriot PAC-3 зымырандық жүйесін жойды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 10, 2018 15:06 Asia/Almaty
  • Йемен әскері Арабстанның Patriot қорғаныстық жүйесін жойды

Йемен Әскері мен халықтық комитеттерінің зымырандық жасағы Йеменің оңтүстік-батысында саудиялық режимнің Patriot PAC-3 зымырандық жүйесін жойды.

Йеменнің Al Masirah арнасы сенбі күні таңертең Сауд Арабиясының Patriot зымырандық жүйесін Йеменнің оңтүстік-батысындағы әл-Маха облысында жойғаны туралы хабарлап, йемендік күштердің саудиялық күштер мен Йеменнің түрлі аймақтарындағы оның жалдамалыларына қарсы әскери амалдарда әріптестік жасап, үйлесімді әрекет етуі қажеттігін қуаттады.

Саду Арабиясы 2015 жылы Patriot жүйесі мен PAC-3 зымырандарын сатып алу туралы АҚШ-пен құны 1 миллиард 750 миллион долларды құрайтын келісімге қол қойды.

PAC-3 Patriot жүйесінің ең соңғы әрі ең дамыған үлгісі саналады.

Бұл зымырандық жүйе баллистикалық зымырандардың көзін жою қабілетіне ие.

Саудиялық режимнің Йеменді қоршауға алуына қарамастан Йемен әскері мен халықтық комитеттерінің қуаты күннен-күнге артып келеді.