Сирияның солтүстігінде Түркияның көптеген әскерилері қаза болып, жараланды
(last modified Sat, 10 Feb 2018 09:10:30 GMT )
Ақп 10, 2018 15:10 Asia/Almaty
  • Сирияның солтүстігінде Түркияның көптеген әскерилері қаза болып, жараланды

Түркияның ақпарат құралдары осы елдің алты әскериінің Сирияның солтүстігінде қаза болып, жараланғаны туралы хабарлады.

Түркияның Hurriyet газеті жұма күні кешке Түркия әскерінің Сирияның солтүстігіндегі Африн қаласы маңында орналасқан күрд содырларына қарсы "Зейтүн бұтағы" атты әскери амаладарының жалғасында Түркия әскерінің бір әскериінің қаза болып, бес адамның жарақат алғанын жазды.

Түркия Әскері бұған дейін Сирияның солтүстігіндегі өз әскерилерінің өлім-жітім санын 16 адам деп хабарлаған болатын. Бұл мәлімет "Сирияның азат әскері" атты Түркия үкіметін жақтаушы содырлардың шығынын есептемеген жағдайда беріліп отыр. Бұл топтың өлім-жітім саны шамамен 300 адам деп хабарланды.

Hurriyet газеті сондай-ақ Сирияның Африн қаласында ауыр қақтығыстардың орын алып жатқанын растап, амалдарға Түркия Әскерінің 6000-нан астам адамының қатысып жатқанын жазды.

Бұл дереккөздің хабарлауынша, Түркия күштерінің Сирияның солтүстігіндегі әскери амалдарының 21-ші күнінің соңына дейін 1062 күрд содыры қаза болған.