Иран Сыртқы істер министрі Кувейтке іссапармен барды
(last modified Wed, 14 Feb 2018 11:45:13 GMT )
Ақп 14, 2018 17:45 Asia/Almaty
  • Иран Сыртқы істер министрі  Кувейтке іссапармен барды

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф «Иракты қайта жөндеу» атты халықаралық конференцияға қатысу үшін сейсенбі күні түстен кейін Иранның саяси экономикалық делегациясын бастап, Кувейтке аттанды.

«Иракты қайта жөндеу» атты халықаралық конференция 2018 жылдың 12-14 ақпанында Кувейттің ұйымдастыруымен өтті. Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасемидің айтуынша, ИИР Ирактың экономикасын дамытып, елді қайта жөндеуге көмектесу үшін өзінің сындарлы қолдауын жалғастыра береді. Ғасеми Иракты Ираның дос көрші елі деп атап: «Теһран «Иракты қайта жөндеу» атты халықаралық конференцияның өткізілуін қолдап, халықаралық қауымдастық Иракты қайта жөндеу үдерісіне қатысуы қажет деп санайды»,-деді.

Кувейтте өткен «Иракты қайта жөндеу» атты халықаралық конференцияға әлемнің 70-тен астам елінің өкілдері мен әртүрлі елдердің 2000-ға жуық инвестициялық компаниясы қатысты.

Бір ирактық басшы дүйсенбі күні Иракты қайта жөндеу үшін 88 млрд 200 млн доллар қаржы керек деп мәлімдеді.

Тегтер