Түркияның "Ватан" партиясының төрағасы: Эрдоған соғысты басқара алмайды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i34791-Түркияның_Ватан_партиясының_төрағасы_Эрдоған_соғысты_басқара_алмайды
Түркияның «Ватан» партиясының төрағасы ел Президенті Реджеп Тайып Эрдоғанның соғысқұмар саясатын сынап: "Эрдоғанның соғысты басқаратын қабілеті жоқ",- деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Ақп 14, 2018 18:42 Asia/Almaty
  • Түркияның

Түркияның «Ватан» партиясының төрағасы ел Президенті Реджеп Тайып Эрдоғанның соғысқұмар саясатын сынап: "Эрдоғанның соғысты басқаратын қабілеті жоқ",- деді.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Түркияның «Ватан» партиясының төрағасы Догу Перинчек сейсенбі күні Стамбулда Хатай облысында тікұшақтың құлауына тоқталып: "Сирияның солтүстігіндегі соғысты негізсіз сөздерге сүйеніп басқаруға болмайды",- деді.

Ақпанның 10 күні елдің оңтүстік-шығысындағы  Хатай облысында Сирия шекарасына жақын жерде Түркияның тікұшағы құлады. Эрдоған тікұшақтың құлауынан Түркияға ауыр шығын келгенін мәлімдеді.