Дамаск сионистік режимге Сирия жеріне шабуыл жасауына қатысты ескерту жасады
Сирия үкіметі сионистік режим бұл елдің жеріне шабуылын қайталаса, күтпеген жауаппен кезігетінін қуаттады.
Reuters агенттігінің мәліметі бойынша, Сирия Сыртқы істер министірнің орынбасары Иман Сусан сейсенбі күні Дамаскте өткен баспасөз отырысында: "Израиль бірнеше жылғы соғыс Сирияны әлсіретті, сондықтан бұл ел сионистік дұшпанның шабуылына жауап қайтара алмайды деп ойлады",- деді.
Сионистік режимнің премьер-министрі Бениамин Нетаньяху жексенбі күні дамыған әскери ұшақтарының бірінен айырылғанымен Сириядағы шабуылдарын жалғастыратынын айтты.
Ирандағы Палестинаның исламдық жиһад қозғалысының өкілі Насер Абушариф: "Израильдік ұшақтың Сирияда құлатылуы аймақтағы ойын заңдары мен «қызыл сызықтардың» өзгергенін көрсетті. Израильдік әскери ұшақтың құлатылуы – тарихи күн және Сирия тарихындағы маңызды оқиға",- деді.