Иран ДАИШ-тен кейінгі Иракты қайта құру үдерісіне қатысатынын қуаттады
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Иракты қайта құру туралы халықаралық конференцияға қатысу үшін саяси-экономикалық делегацияны басқарып, Кувейтке сапар шекті.
Әлемнің 70-тен астам елінің өкілдері мен әртүрлі елдердің шамамен екі мың компаниясы Кувейтте өткен Иракты қайта құру туралы конференциясына қатысты. Иран бұдан бұрын Иракты қайта құруда рөл атқарды. Иранның өткен жылдардағы Иракты қайта құруға қатысуы электр жүйесін дамыту, энергия тасымалдау және инфрақұрылымды қайта құру салаларында орын алды.
ИИР аймақтағы қауіпсіздік саласындағы қоқан-лоққыларға назар аударып, ДАИШ лаңкестік тобына қарсы соғыс пен бұл топ басып алған аймақтарды азат етуде маңызды рөл атқарды. Бұл факторлар Иранның аймақтағы рөлін арттырып, екі елдің арасындағы ынтымақтастықтарға жағдай тудырды.
Иран Сыртқы істер министрі ИИР-ның Ирак үкіметі мен халқына ДАИШ пен басқа да тәкфиршіл топтарға қарсы күресуі мен Иракты қайта құруға көмектесуіне тоқталып: "Иран Иракты қайта құру мәселесіне қатысты бұрынғы конференциядағы міндеттемелерін орындады. Бұл жолы да бар күшімен Иракты қайта құруға қатысуға дайын. Иран әрқашан Ирак үкіметі мен халқының қасынан табылады",- деді.
Соғыстан кейінгі қайта құру – дағдарыстардың қайтадан пайда болуының алдын алуда маңызды рөл атқаратын үдеріс. Елді қайта құруға қатысу ортақ діни және мәдени мүдделер негіздері бойынша орын алады. ДАИШ-тен кейінгі Иракты қайта құру үдерісіне қатысу бұл негіздерден тыс емес. Осы халықаралық қозғалыс екі тұрғыдан маңызды: біріншіден, осы елді қалпына келтіріп, қираған инфрақұрылымдарын қайта көтеру; екіншіден, Ирак пен аймақтың қауіпсіздігін нығайту тұрғысынан.
Иракты қайта құру – ДАИШ-тен кейін қалған қирандыларды қайта салып, шығындардың орнын толтыру. ДАИШ Ирактың көне мәдениеті мен өркениет мұраларын қиратты. Болжамдар бойынша әскери коалицияның Ирактың инфрақұрылымдарына келтірген шығыны 45 миллиард долларға жетеді.
" The Wall Street Journal" газеті: "Әлемдік банк пен Ирак үкіметі жүргіщген жаңа сауалнамадан АҚШ басқаратын лаңкестікпен күресу үшін құрылған халықаралық коалицияның бұл елдің инфрақұрылымдарына, соның ішінде мектептеріне, стансалары, тұрғын үйлері мен басқа да ғимараттарына көп шығын келтіргені мәлім болды.