Түркия армиясы Сирияның Африн қаласының маңындағы бір ауылға улы газбен шабуыл жасады
https://itolqyn.com/news/west_asia-i34881-Түркия_армиясы_Сирияның_Африн_қаласының_маңындағы_бір_ауылға_улы_газбен_шабуыл_жасады
Түркия армиясы әскерилерінің Сирияның солтүстігінде орналасқан Африн қаласына жақын бір ауылға улы газбен шабуыл жасауы салдарынан сол маңдағы бейбіт тұрғындар тұншығып, ауыр жағдайға душар болды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Ақп 18, 2018 09:39 Asia/Almaty
  • Түркия армиясы Сирияның Африн қаласының маңындағы бір ауылға улы газбен шабуыл жасады

Түркия армиясы әскерилерінің Сирияның солтүстігінде орналасқан Африн қаласына жақын бір ауылға улы газбен шабуыл жасауы салдарынан сол маңдағы бейбіт тұрғындар тұншығып, ауыр жағдайға душар болды.

Мehr агенттігінің Сирияның SANA ресми агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша Африн қаласы ауруханасының жауапты тұлғалары Түркия армиясы әскерилерінің ал-Маһин ауылының тұрғындарына қарсы қолданған улы газы салдарынан алты адамның уланғанын, екеуінің жағдайының нашар екенін, олардың улануына себеп болған газдың түрінің әлі анықталмағанын мәлімдеген.

Осындай жағдайда Түркия армиясы Сирияның шекараларында орналасқан түрік әскерилеріне тағы да әскери құрал-жабдық жіберді.