Сионистік режимнің Газаға шабуылында екі палестиналық жараланды
Сионистік режим армиясының Газа секторының оңтүстігіне жасаған артиллериялық шабуылында екі палестиналық жараланды.
Сионистік режимнің артиллериясы сенбі күні Газа секторының оңтүстігінде орналасқан Рафах қаласының шығысындағы ән-Нахзе ауданын нысанаға алды.
IRNA ақпарат агенттігінің "әл-Яум әс-Сабе" ақпарат агенттігінің сайтына сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Палестинаның Газадағы Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат хатшысы Ашраф әл-Ғадра: "Сионистердің Газаның оңтүстігіне жасаған әуе шабуылдарында екі палестиналық жараланды. Олардың біреуінің жағдайы өте ауыр деп хабарланды",-деді.
Сионистік режимнің қырғи ұшақтары, сондай-ақ, Газа секторының солтүстігіндегі Бейт-Ханун қалашығында орналасқан Палестина исламдық қарсыласу қозғалысының (ХАМАС) әскери тармағы "әл-Қисcам" батальондарының бір күзет мұнарасын нысанаға алды.
Израильдің қырғи ұшақтары Газа қаласының оңтүстігіндегі "Салахеддин" базасына бір зымыран атты.