Газада АҚШ үкіметінің Палестинаға қатысты шешіміне қарсы шеру өтті
(last modified Sun, 25 Feb 2018 19:37:38 GMT )
Ақп 26, 2018 01:37 Asia/Almaty
  • Газада АҚШ үкіметінің Палестинаға қатысты шешіміне қарсы шеру өтті

Газа тұрғындары АҚШ үкіметінің Палестинаға қатысты АҚШ елшілігін Тель-Авивтен Құдсқа ауыстыру шешіміне наразылық білдіріп, шеруге шықты.

Газа секторындағы жұмысшылар одақтары жексенбі күні "Белгісіз сарбаз" алаңында АҚШ Президенті Дональд Трамптың елінің елшілігін Тель-Авивтен Құдсқа ауыстыру шешіміне наразылық білдіріп, шеруге шықты. Шерушілер Трамптың елінің елшілігін Тель-Авивтен Құдсқа ауыстыру шешімін Вашингтонның сионистік режимді әшкере қолдауы және Палестина халқының құқықтарына немқұрайдылық таныту деп атады.