Бахрейн Сыртқы істер министрінің Иранға қарсы уәждері
(last modified Sat, 02 Apr 2016 10:59:27 GMT )
Сәу 02, 2016 16:59 Asia/Almaty
  • Бахрейн Сыртқы істер министрінің Иранға қарсы уәждері

Бахрейннің Сыртқы істер министрі «Al-Arabiya» телеарнасына берген сұхбатында: «Иранның қайраткерлері өздерінің арандатушы сөздерімен Бахрейннің егемендігіне күмән туғызуда»,-деген уәж айтты.

Бахрейннің Сыртқы істер министрі шейх Халед бен Ахмад Але Халифе бейсенбі күні жарияланған сұхбатының бір бөлігінде: «Аймақта орын алып жатқан барлық өзгерістерге қарамастан Иран біздің көршіміз. Біз олармен әріптестік жасап, тату өмір сүреміз»,-деді.

Иран мен Парсы шығанағы жағалауындағы кейбір араб елдерінің қарым-қатынасы шиеленіске толы. Бұл шиеленістердің бастауы түсініспеушілік және кейбір аймақтық, шетелдік араласушылар тарапынан жасалып жатқан арандатушылық болып табылады.

Осындай жағдайда ИИР-ның өзінің сыртқы саясатында белгілі бір жолы мен принциптері бар. Соның негізінде жапа шеккендердің құқығын қорғау, басқа халықтардың тәуелсіздігі мен құқықтарына құрметпен қарау жатыр.

Сауд Арабиясы мен Бахрейн сияқты бағынышты режимдер өз уәждеріне керісінше іс жүзінде аймақта дағдарыс тудыру, өз халықтарының заңды талаптарына қарсы тұру және Израильдің алдында ислам әлемін әлсірету жолында әрекет етіп жатыр.

Парсы шығанағы жағалауындағы шейх басқаратын жерлерге таңылатын Сауд Арабиясының саясаттары шын мәнінде ұжымдық мүддеге қайшы келеді, өйткені аймақтық елдер арасындағы әріптестік пен интеграцияға кедергі келтіреді. Бұл саясат аймақтың ортақ мүдделеріне сай емес, тек Израиль режимінің пайдасын көздейді.

Саяси бақылаушылардың көбінің мойындауынша, Сауд Арабиясы Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесі мен Араб Лигасын басқаруды өз қолына алып, араб елдерін сионистік режимнің мүддесін қорғайтындарға айналдырды.

Осы саясаттың саясында Палестина ислам әлемінің басты мәселесі ретінде ұмытылды. Араб және исламдық жиналыстарда, соның ішінде Араб Лигасында бұл мәселе жайлы сөз қозғалмайды.

Ислам әлемі эр-Риядтың сионистік режимнің қоқан-лоққылары мен қастандықтарына көңіл аудармауынан аймақтың тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне қайшы келетін көп соққы көрді. Бұған бір мысал ретінде Сауд Арабиясының Йеменге шабуылдарының жалғасуы және Сирия мен Иракта лаңкестік және тәкфирлік топтарды, соның ішінде ДАИШ-ты қолдауын айтуға болады.

Осы шындықтарды назарға ала отырып, Бахрейн Сыртқы істер министрінің Иранға қарсы сөздері екі мақсатта айтылуы мүмкін: біріншісі – Ираннан үркіту үдерісін күшейту. Мұндай позиция ұстану ислам әлемінде іріткі тудырып, аймақта дағдарыс жасауды көздейтін сионистік режим үшін қолайлы мүмкіндік болып табылады; екінші мақсат – осындай мәселелерді көтеру арқылы Бахрейннің жапа шеккен халқына қарсы басып-жаншу әрекеттеріне заңдылық беру.

Бахрейн қайраткерлері Сауд Арабиясы тудырған жағдайды пайдаланып, бұл режимнің тайпалық ойларын жасыруға тырысып, өзін кез-келген қылмыс пен диктаторлық әрекеттен ада етіп көрсеткісі келеді.

Бахрейн Сыртқы істер министрінің уәждері және Иранды осы елдің ісіне араласады деп айыптауы олардың қиындықтарын шешуге еш көмектеспейді. Олардың қиындығы демократиялық жүйенің жоқтығында және Сауд Арабиясының тәсілімен әсірешілдікті ұстануында. Мұндай әрекеттер Бахрейнді қоқан-лоққылар мен бейберекеттікке ұшыратып отыр. Иран аймақ үшін қауіп саналмайды. Иран көршілес елдердің барлығымен түсіністікке келіп, әріптестік жасауды қалайды. Алайда Иранмен көршілес кейбір араб елдері осы бағытқа керісінше жүргісі келеді. Бахрейн Сыртқы істер министрінің уәждері шын мәнінде өзі мен өзгелерді алдау ғана. Бахрейн режимі өзінің басқару тарихында қорқынышты басып-жаншу амалдарын қолданған. Бұл режим енді осындай жалған уәждер арқылы шындықтан жалтарғысы келеді.