Шығыс Ғуте ауданында орналасқан Дума қаласындағы атысты тоқтату бітімі жұмаға дейін ұзартылды
(last modified Fri, 16 Mar 2018 11:31:13 GMT )
Нау 16, 2018 17:31 Asia/Almaty
  • Шығыс Ғуте ауданында орналасқан Дума қаласындағы атысты тоқтату бітімі жұмаға дейін ұзартылды

Ресейдің Қорғаныс министрлігі Дамаск облысының Шығыс Ғуте ауданындағы Дума қаласынан қарапайым адамдарды шығарып, бұл қалаға гуманитарлық көмектер жеткізу үшін атысты тоқтату бітімінің жұмаға дейін ұзартылатынын мәлімдеді.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ресей Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде: «Атысты тоқтату бітімі берік сақталуы үшін Дума қаласында барлық амалдар мен қақтығыстар тоқтатылады»,-деп баса айтылған.

Ресей Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесіне сәйкес, осы екі күнде Дума қаласынан 437 адам шығарылып, 20 жүк машинасынан тұратын гуманитарлық көмектер керуені қалаға енгізіледі деп күтілуде.

Шығыс Ғуте ауданының Дума қаласындағы атысты тоқтату бітімі сейсенбі күннен басталды.

Сирия армиясы Шығыс Ғуте ауданын Дума, Хараста және оңтүстіктегі қалашықтар деп үшке бөлгеннен кейін әскери амалдардың жаңа кезеңін бастады.