Йеменнің зымырандары Сауд Арабиясының әуежайларын нысанаға алды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i35772
Al-Alam телеарнасы Йемен зымырандарының Сауд Арабиясы әуежайларын нысанаға алғанын хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 26, 2018 16:14 Asia/Almaty
  • Йеменнің зымырандары Сауд Арабиясының әуежайларын нысанаға алды

Al-Alam телеарнасы Йемен зымырандарының Сауд Арабиясы әуежайларын нысанаға алғанын хабарлады.

Al-Alam телеарнасының дүйсенбі күнгі хабарлауы бойынша, Йеменнің зымырандық бөлімшесі "Баркан H2" зымыранымен Сауд Арабиясының астанасы эр-Рияд қаласындағы Малек Халед атындағы халықаралық әуежайын нысанаға алды.

Сонымен қатар Сауд Арабиясының оңтүстігінде орналасқан Асир қаласындағы "Анһа" өңірлік әуежайын "Қаһер М2" зымыраны нысанаға алынды.

Йеменнің зымырандық бөлімшесі Сауд Арабиясының оңтүстігіндегі Джизан әуежайы мен басқа бірқатар объектіні бірнеше баллистикалық зымыранмен нысанаға алды.

Сауд Арабиясы осы зымырандардың кейбіреуінің, соның ішінде бір зымыранның эр-Рияд қаласының көгінде анықталып, жойылғанын хабарлады. Йемен армиясы зымырандардың алдын ала белгіленген нысаналарға тигенін хабарлады.