Зариф: Аймақ елдері қайшылықтарды диалог арқылы шешуі керек
Нау 28, 2018 18:45 Asia/Almaty
ИИР Сыртқы істер министрі аймақ елдерін қайшылықтарды диалог арқылы шешуге шақырды.
Мұхаммад Джавад Зариф Катардың Al-Jazeera ақпарат арнасының интернет сайтында жарияланған мақаласында аймақ елдерінің ортақтастықтарына тоқталып, оларды бір-бірімен текетіресудің орнына бірлікке шақырып: "ИИР шын ниетімен көршілес елдерге көмек қолын созып отыр",-деді.
ИИР-ның Сыртқы істер министрі Иранның соғыс бастауды мақсат етпейтінін айтып, аймақ елдерін қайшылықтарды соғыс алаңында емес, диалог үстелі басында шешуге шақырып: "Егер аймақ елдері бейбітшілік жолын ұстанбаса, келешек ұрпақтың бір-бірінің көзіне қарайтын мүмкіндігі болмайды",-деді.
Тегтер