Жоғалып кеткен израильдік әскерилер ХАМАС-тың тұтқынында жатыр
(last modified Sun, 03 Apr 2016 07:52:48 GMT )
Сәу 03, 2016 13:52 Asia/Almaty
  • Жоғалып кеткен израильдік әскерилер ХАМАС-тың тұтқынында жатыр

Палестинаның Исламдық қарсыласу қозғалысы ХАМАС-тың әскери бұтағы жоғалып кеткен израильдік төрт әскери қызметкердің осы топтың тұтқынында екенін мәлімдеді.

ИРНА-ның Аl-ahed сайтына сілтеме жасап хабарлауынша, Исламдық қарсыласу қозғалысы ХАМАС-тың әскери бұтағы шәһид Иззаеддин әл-Қассам атындағы батальонның ақпарат өкілі Абу Обейда сенбі күні кешке алғаш рет сионистік режимнің 2014 жылғы Газаға жасаған 50 күндік шабуылы кезінде жоғалып кеткен сионистік төрт әскери қызметкердің осы топтың тұтқынында жатқанын мәлімдеді.

Абу Обейда сионистердің тек ақша төлеу арқылы ғана өз әскерилерінің тағдырынан хабар ала алатынын қуаттап: "Осы израильдік төрт әскериге қатысты сұхбаттар мен келіссөздер жасалған жоқ. Дұшпан әрбір келіссөзге дейін және одан кейін осы әскерилердің тағдыры туралы мәлімет алу үшін ақша төлеуі керек.

Израиль режимінің премьер-министрі Беньямин Нетаньяху израильдіктерге өтірік айтып, оларды тура жолдан адастырады. Ол тұтқындыққа түскен әскерилердің отбасыларын да алдайды" деді.

Тегтер