Ердоған мен Нетаньяху арасындағы тәжіке шиеленісе түсті
Түркия президентінің сионистік режимнің палестиналықтарға қарсы жасаған қылмыстарын сынауы Режеп Тайып Ердоған мен Израиль премьер-министрі Нетаньяху арасындағы тәжікеге ұласты.
Ердоған сионистік режим премьер-министрінің Жер күні палестиналықтардың өлтірілуін ақтауы мен Түркия әскеріне айтқан сынына реакциясында: "Нетаньяху – әлсіз лаңкес. Ядролық қару оған көмектесе алмайды.
Израиль әскерінің езгі мен қанау әрекеттерін түсіндірудің қажеті жоқ. Себебі, барша сионистік режимнің Газа секторы мен Құдстағы қылмыстарынан хабардар",- деді.
Ердоған өткен жұма күні Газа секторы шекарасындағы Израиль әскерінің палестиналықтарға қарсы шабуылын адамгершілікке жатпайтын әрекет деп атап, АҚШ-тан израильдіктердің қолынан палестиналықтардың қаза болуының жалғасуына кедергі жасауды сұраған болатын.
Сионистік режимнің премьер-министрі Ердоғанның сынына білдірген реакциясында: "Бірнеше жыл бойы бейбіт тұрғындарды бомбалап жатқан адам ахлақ жөнінде ақыл айта алмайды",- деді.