Рияд Палестина халқының армандарына қиянат жасап, Израильдің заңсыз болмысын қолдауда
Сәу 03, 2018 15:38 Asia/Almaty
Өткен бір жылдың ішінде сионистік режиммен қарым-қатынасын жылдам қалпына келтірген Сауд Арабиясының тақ мұрагері Палестина халқының мақсаттары мен құқықтарына назар аудармай, заңсыз құрылған сионистік режимді ресми түрде таныды.
Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммад бен Салман америкалық "Атлантик" журналына берген сұхбатында: "Риядтың Израильмен ортақ мүдделері көп. Сондықтан бітім орнатылса, Израиль мен Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесіне мүше елдерге, Мысыр мен Иордания үшін көптеген пайда түседі",- деді. Мұхаммад бен Салман Израиль режимінің заңсыз түрде құрылған күнінің жылдығы қарсаңында "Израильдіктердің өз отанына ие болу құқығы бар" деген уәж айтты.
Тегтер