Сәу 04, 2018 14:18 Asia/Almaty
  • Рухани Анкараға келді

ИИР Президенті сейсенбі күні делегацияны басқарып, Иран, Ресей және Түркия елдері басшыларының үшжақты отырысына қатысу үшін Анкараға келді.

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Хасан Руханиді Анкарада Түркия Қорғаныс министрі Нуреддин Джаникли қарсы алды. Сирия дағдарысына қатысты келіссөздердің нәтижелерін қарастыру мақсатында Иран, Ресей және Түркия елдері басшыларының екінші үшжақты отырысына қатысу, Түркия Президенті Реджеп Тайып Эрдоған және Ресей Президенті Владимир Путинмен екіжақты кездесулер Руханидің бұл сапардағы ең маңызды бағдарламаларының қатарына кіреді.

Иран Президенті сейсенбі күні Анкараға аттанардан бұрын Теһранның Мехрабад әуежайында журналистерге берген сұхбатта: "Сирия үкіметінің рұқсатынсыз шетелдік күштердің бұл елде орналасуы заңсыз әрі қисынсыз. Сондықтан бұл үдерісті тоқтату қажет",- деді.

Иран Президенті Сириядағы проблемалардың жалғасуына тоқталып: "Сириядағы ұлтаралық және мазхабаралық қайшылықатрмен бірге бөгделердің араласушылығы жалғасып, кейбір мемлекеттер лаңкестерді күшейтуде",- деді.

Рухани Сирия дағдарысына арналған Астана мен Сочи отырыстарына сілтеме жасап: "Сирия дағдарысы әскери жолмен шешілмейді. Бұл елдің мәселесінің шешімі – тек саяси жол. Сондықтан келіссөздердің нәтижелерін Сирия халқының мүддесімен сәйкестендіру керек",- деп қуаттады.

 

 

Тегтер