Зариф: Сирия дағдарысы саяси жолмен және сол елдің халқы тарапынан шешілуі керек
(last modified Wed, 04 Apr 2018 08:32:16 GMT )
Сәу 04, 2018 14:32 Asia/Almaty
  • Зариф: Сирия дағдарысы саяси жолмен және сол елдің халқы тарапынан шешілуі керек

Иран Сыртқы істер министрі Сирия дағдарысының саяси жолмен және сол елдің халқы тарапынан шешілуі қажеттігін қуаттады.

Түркия мен ресейлік  әріптестерімен кездесіп, Сирия мәселесіне арналған үш елдің  Сыртқы істер министрлерінің отырысына қатысу үшін Анкараға аттанған Мұхаммад Джавад Зариф журналистерге берген сұхбатта: "Шетелдік үкіметтердің міндеті Сирия мәселесін саяси жолмен шешу үдерісін жылдамдатып, сол елдің халқының орнына шешім қабылдаудан тартыну, Конституциясын реттеуге араласпау және келіссөздерге қатысатын топтарды арадатпау болып табылады",- деді.

Иран Сыртқы істер министрі Сирия дағдарысы басталғаннан бері нәтижеге жеткен жалғыз бастаманың Астана үдерісі мен Сочи отырысының болғанына сілтеме жасап: "Өткен жылы Астана келіссөздерінің арқсында Сириядағы қақтығыстар азайды. Келіссөздерді саяси үдеріске айналдыру үшін  Сочи отырысы өткізілді",- деді.

Зариф Африн өзгерістеріне тоқталып, Сирияның территориялық тұтастығын бұзуды еш нәрсенің ақтай алмайтынын қуаттап: "Сирияда лаңкестердің азайғаны анық байқалады. Бірақ Сочи отырысынан кейін орын алған теріс оқиға АҚШ күштерінің аймақта орналасуы болды. АҚШ күштерінің орналасуы Сирияның ішіндегі ұлтаралық қайшылықтар мен оның әсерінің аймаққа таралуына себеп болды",- деді.