Газа секторындағы палестиналықтардың шерулерінің жалғасында екі адам шәһид болды
(last modified Fri, 06 Apr 2018 12:53:07 GMT )
Сәу 06, 2018 18:53 Asia/Almaty
  • Газа секторындағы палестиналықтардың шерулерінің жалғасында екі адам шәһид болды

Палестина Денсаулық министрлігінің баспасөз хатшысы палестиналықтардың Газа секторы мен басып алынған Палестина жерлерінің шекарасындағы бейсенбі күнгі шерулерінде сионистік әскерилердің оғынан екі палестиналықтың қаза болғанын, 14 адамның жарақат алғанын хабарлады.

Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы Ашраф әл-Ғодрат: "Сионистік әскерилер шекараның қасында шеруге шыққан палестиналықтарға оқ атты. Газа секторының шығыс шекараларына жақын жерде 23 жастағы палестиналық шәһид болды. Өткен жұмадағы шеруде израильдік әскерилердің шабуылынан жарақат алған 34 жастағы палестиналық жарақатының салдарынан қаза болды",- деді.

Өткен аптада "Оралу құқығы – үлкен құқық" деген шеру басталғаннан бері 20 палестиналық шәһид болып, 1900-ден астам адам жарақат алды. Шерулер наурыздың 30 күні "Жер күнінің" жылдығына орай басталып, әлі жалғасуда.