Сайеб Ариғат: Америка Палестина халқына қарсы психикалық соғысқа жетекшілік етеді
Палестина Автономиялық құрылымы Американың Газа секторындағы басқыншылардың қылмыстары туралы халықаралық зерттеулер жүргізуге қарсылық танытқан ұстанымын айыптап, осы қылмыстар туралы тез арада зерттеу жүргізуді сұрады.
Almayadeen телеарнасының сенбі күнгі хабарлауы бойынша Палестинаны азат ету ұйымының атқарушы комитетінің хатшысы әрі Палестина Автономиялық құрылымының аға келісімгері Саиб Тариғат: «Вашингтон колониалды басқыншылар мен олардың қырып-жоюшылығын қорғау үшін Палестина халқына қарсы психикалық соғысқа жетекшілік етеді.
Палестина халқы БҰҰ-ғы Американың өкілі Никки Хейлидің Палестина халқымен өздерінің дұшпандықтарын жариялаған ақымақ сөздеріне таң қалмайды» деді.
Америка кеше БҰҰ-ның Газа секторындағы палестиналық шерушілерге қарсы сионистік режимнің қылмыстары туралы зерттеуді сұраған ұсыныс мәлімдемесінің жариялануына тосқауыл жасады.
Ариғат Америка үкіметінің палестиналық балаларды қорғау туралы уәждеріне сілтеме жасап: «Американың Мемлекеттік деапртаменті палестиналық балаларды өлтіруді ақтап, оны израильдік басқыншылар тарапынан табиғи іс деп көрсетіп, олардан туған жерлеріне қайту құқығын ұмытуды сұрайды» деді.