Сейіт Хасан Насролла: Газа секторының тұрғындары басқыншыларға қарсы табандылық танытты
Ливан Хезболласының бас хатшысы "Оралу құқығы" атты ұлы шерудің өткеніне сілтеме жасап: "Газа секторының тұрғындары басқыншыларға қарсы батылдық және жанпидалықпен табандылық көрсетті. Олардың шерулері Трамптың "Ғасыр мәмілесі" атты жоспарын бұзды",- деп баса айтты.
Ливан Хезболласының бас хатшысы Сейіт Хасан Насролла жексенбі күні Ливанның оңтүстігіндегі Набатие қаласында өткен Хезболланың сайлауалды жиынында видео-конференция арқылы сөйлеген сөзінде басқосудың мақсатын мамыр айында өтетін сайлауда "Үміт пен адалдық" тізіміне қолдау көрсету және осы тізімнің бағдарламалары мен талаптарын баяндау деп атап:
"Америкалықтар мен сионистер Ливандағы қарсыласу қозғалысынан құтылу үшін кез келген іске барады. Себебі, 2000 жылдан бері америкалықтар мен израильдіктер Ливанда «Қарсыласу» деп аталатын күштің бар екенін, ливандықтардың бойында осы күштің мықты екенін және соның арқасында Ливанның жеңіске жетіп, Израильдің Ливаннан қуылғанын түсінді.
Сирияда орын алып жатқан барлық өзгерістердің мақсаттарының бірі қарсыласу қозғалысына соққы беру болып табылады. Қарсыласу қозғалысына соққы беруге бағытталған барлық жоспарлардағы қауіпті мәселе азамат соғысын тудырып, Ливан мен Қарсыласу қозғалысының арасында соғыс отын өршіту саналады",- деді.