Аятолла Араки Дамаскте Башар Асадпен кездесті
Ислам мазхабтарын жақындастыру дүниежүзілік ассамблеясының бас хатшысы Дамаскте Сирия президентімен кездесіп, сұхбаттасты.
Сирия президенті Башар Асад Дамаскте «Исламдық бірлік» атты бірінші халықаралық конференция аясында аятолла Аракимен өткізген кездесуінде Сирияның үстемшілдіктің шабуылына ұшыраған қазіргі сезімтал жағдайына тоқталып, осы шараға қатысуды мұсылман халықтарының қарсыласу өзегін, әсіресе Сирияны қолдауының белгісі деп атап: "Сирия осындай жағдайдағы діни үлемдердің рөлі мен мұсылмандардың бірлігіне сенеді. Діни үлемдердің сындарлы рөлі мұсылман халықтары үшін үлкен қамқорлық саналады",- деді.
Сирия президенті сондай-ақ, Ислам революциясы жетекшісінің қолдауы үшін алғыс білдіріп, үлемдерден бірлік пен қарсыласудың негіздері арқылы тәкфирліктің түп-тамырын анықтап, онымен күресуді сұрады.
Ислам мазхабтарын жақындастыру дүниежүзілік ассамблеясының бас хатшысы аятолла Мохсен Араки да бұл кездесуде Сирияның президенті мен Вакф істері жөніндегі министріне Дамаскте «Ислам үмбетінің бірлігі» тақырыбына арналған конференцияны ұйымдастыру және бұл шараға ислам әлемінің үлемдері мен ойшылдарының қатысуына негіз жасағаны үшін алғыс білдіріп, діни үлемдердің исламдық қауымдастықтардың бірлігін нығайтудағы рөлін баса айтты.
«Исламдық бірлік» атты алғашқы конференция ислам әлемінің үлемдері мен данышпандарының қатысуымен сәрсенбі күні Дамаскте өз жұмысын бастады.