Тайфурға шабуыл сионистік режимнің ақымақтығын көрсетті
(last modified Sat, 14 Apr 2018 10:41:44 GMT )
Сәу 14, 2018 16:41 Asia/Almaty
  • Тайфурға шабуыл сионистік режимнің ақымақтығын көрсетті

Ливан Хезболласының бас хатшысы израильдіктерге Сириядағы Тайфур (Т-4) әскери базасына шабуыл жасау арқылы тарихи қателік пен үлкен ақымақтыққа барғандарын ескертті.

Al Alam арнасының хабарлауы бойынша, Ливан Хезболласының бас хатшысы Сейіт Хасан Насролла Бейруттың Дахия ауданында өткен "Келісімге адалдық" атты конференцияда сионистік режимнің жуырда Сириядағы Тайфур (Т-4) базасына жасаған шабуылына тоқталып: "Израильдің бұл басқыншылық әрекеті осы режиммен күрес пен оларға қарсы тұру саясатында жаңа үдеріс тудырады.

Израильдің Сирияның Хомс облысындағы Тайфур базасына жасаған шабуылы Израильдің соңғы жеті жылда бұрын-соңды болмаған адам өлтіруге бағытталған қасақана саясаты саналады",- деді.

Сейіт Хасан Насролла Дональд Трампты ықпалға түскіш, жанжалқұмар, дағдарысқа ұшыраған президент және саудагер деп атап: "Әлем Трамп және АҚШ-тың Twitter-дегі жолдаулары мен қоқан-лоққыларының ешбір мемлекет пен топтың, соның ішінде Сирия, Иран, Ресей мен аймақ халықтарының жүрегінде үрей мен қорқыныш тудыра алмайтынын білгені жөн",- деп баса айтты.