Рухани: АҚШ-тың Сирияға шабуылы оның лаңкестерді қолдайтынын ашық көрсетіп отыр
ИИР Президенті Рухани АҚШ, Ұлыбритания мен Францияның Сирияға шабуылын аймақта терроризмді нығайту үшін жасалған шара деп атады.
ИИР Президенті Хасан Рухани сенбі күні Сирия Президенті Башар Асадпен телефон арқылы сұхбатта ИИР-ның Сирия үкіметі мен халқының қасынан табылатынын қуаттап: "Сирияда лаңкестер күн сайын жаңа жеңілістерге ұшырап жатқан жағдайда АҚШ пен оның одақтастарының Сирия жеріне шабуыл жасауы жеңілген лаңкестік топтарға қолдау көрсету деген мағынаны білдіреді.
Ешбір шетелдік үкімет Сирияның болашағы жайлы шешім қабылдай алмайды. Шешім қабылдаушы тек Сирия халқы ғана. ИИР Сирия үкіметі мен халқының қасынан табылады",-деп баса айтты.
Башар Асад Ислам пайғамбарының ресалаты басталған күн «Мабас» мерекесімен құттықтап, Иран халқы мен үкіметінің Сирия үкіметі мен халқын қолдауына алғыс айтып: "АҚШ пен оның одақтастары саяси жолдармен өздерінің мақсаттарына жете алмағаннан кейін барлық халықаралық заңдарға қайшы әрекет етіп, Сирия жеріне шабуыл жасады",-деді.