Велаяти: Йемен жақын арада қарсыласу қозғалысына қосылады
(last modified Fri, 20 Apr 2018 13:14:12 GMT )
Сәу 20, 2018 19:14 Asia/Almaty
  • Велаяти: Йемен жақын арада қарсыласу қозғалысына қосылады

Иран Ислам революциясы жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі Қарсыласу қозғалысының Иран, Палестина, Сирия мен Ирактан кеңейіп, оған жақын арада Йеменнің қосылатынын мәлімдеді.

Ислам революциясы жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі Әлиакбар Велаяти халықаралық Құран Кәрім сайысының ашылу рәсімінде сөйлеген сөзінде: "Америкалықтар Сирияны бір аптада басып аламыз деп ойлады. Бірақ қазір ислам елдері күш-құдыретінің артқанын көрді. Ислам елдерін басып алып, оларды бөлшектеу – дұшпанның мақсаты. Егер Ирак пен Сирияда Иранның қолдауы болмағанда, бүгінде бұл елдер басып алынған болар еді. Егер Сауд Арабиясы Йеменнен кетіп, саясатынан бас тартпаса, Йемен Сауд Арабиясының батпағына айналады. АҚШ Вьетнам соғысында шырмалғандай, Сауд Арабиясы да Йеменнің иіріміне батады",- деді.

Халықаралық Құран сайысының 35-ші кезеңінің ашылу рәсімі 84 ислам елінің өкілі мен 370-тен астам шетелдік қонақ және Иран басшыларының қатысуымен Теһрандағы имам Хомейни атындағы діни-мәдени кешенде өтті. 

 

                                                                                          

 

Тегтер