Исмаил Һание: "Оралу құқығы" шеруі сионистік режимді сергелдеңге салды
(last modified Sat, 28 Apr 2018 10:51:05 GMT )
Сәу 28, 2018 16:51 Asia/Almaty
  • Исмаил Һание:

Палестина Исламдық қарсыласу қозғалысының (ХАМАС) саяси бюросының төрағасы жұма күні: "Газа секторында ұйымдастырылған "Оралу құқығы" атты ұлы шеру сионистік дұшпанның сергелдеңге түсуіне себеп болды",- деді.

Mehr News ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Исмаил Һание: "Палестина халқы өз құқығына жету үшін "Оралу құқығы" шеруінен бір қадамға да артқа шегінбейді", - деп мәлімдеді.

Жұма күні "Оралу құқығы" атты шеру Газа секторы мен басып алынған жерлердің шекарасында бесінші апта қатарынан өткізілуде. Палестиналық ақпарат көздерінің мәліметі бойынша, "Оралу құқығы" шеруі ұйымдастырылып жатқан бесінші жұмада 3 палестиналық шәһид болып, 611 адам жараланған.

Наурыздың отызынан бастап осы уақытқа дейін 45 палестиналық Израиль әскерилерінің оғы салдарынан шәһид болып, 6400 адам жарақат алған. Олардың ішінде 130 адам ауыр халде жатыр.