Сирия Батыстың сенім артуға жарамайтынын қуаттады
Сирия Президенті: «Сирия дағдарысынан алған ең маңызды сабағымыз Батыстың сенім артуға жарамайтындығын және мәселені шешу үшін Батысқа сүйенудің мүмкін еместігін түсінуіміз болды»,- деді.
Сирияның САНА ресми ақпарат агенттігінің мәліметінше, Сирия Президенті Башар Асад Ресейдің «Спутник» ақпарат агенттігіне берген арнайы сұхбатында Сирияның жағдайына тоқталып: «Батыс халықаралық құқықтар мен БҰҰ-ның негіздерінен тыс саясат ұстануда. Сондықтан дағдарыс кезінде бізбен бірге болатын елдерді достарымыз ретінде таңдауымыз керек. Біз дағдарыс кезінде көптеген азаматтарымыздан айрылдық. Қазір саясаттарында ешбір халықаралық құқық пен адамгершілікі қалыптаспаған әлемде өмір сүрудеміз. Алайда бәрінен бұрын саяси және діни ырымшылдықтан алыстауымыз керек. Өйткені бұл қоғам үшін зиян келтіреді. Сирия халқы мен әскері өз отанын лаңкестерден толық босату жігеріне ие. Бұл мәселе талқыға салынбайды»,- деп баса айтты.