Ердоғанның Африндегі әскери амалдардың сәттілігі туралы уәжін сараптау
Түркия президенті өз елі әскерінің Сирияның солтүстігінде орналасқан Африн қаласындағы әскери амалдар кезінде көптеген лаңкестерді өлтіргені туралы уәж айтты.
Режеп Тайып Ердоған Кайсери облысында сөйлеген сөзінде Сирияның солтүстік аймағында орналасқан Түркия үкіметіне қарсы күрдтік топтардың басып-жанышталғанын өзінің президенттік кезеңіндегі үкіметтің сәтті әрекеті деп атап: "Түркия Әскерінің Сирияның солтүстігінде орналасқан Түркия үкіметіне қарсы күрдтік топтармен күресу мақсатындағы әскери шабуылдары одан әрі жалғасады",- деп баса айтты.
Анкара 2018 жылы қаңтардың жиырмасы күні күрдтік оппозиционерлерді басып-жаныштаудың жалғасында Сирияның Африн қаласына шабуыл жасады.
Brookings институтының зерттеушісі Майкл Янг Анкараның Сирияның солтүстігін басып алғаны туралы: "Режеп Тайып Ердоған бұл әрекетімен ұлтшылдық кеңістік тудырып, оны болашақта Түркияда өтетін сайлауда өз мүддесіне сай пайдалануды ғана көздеп отыр", - деді.
Майкл Янгтың көзқарасы мен Ердоғанның сөздеріне байланысты келесі жайтты ескерген жөн: Ердоған Түркияның Сирияның солтүстігіндегі мәлімдеген мақсаттарына жетуде артта қалып, бұл ел әскерінің күрдтер мекендейтін басқа аймақтарда өзінің әскери әрекеттерін кеңейтуге шамасы жоқ жағдайда Африндегі әскери амалдардың сәттілігі туралы айтып жатыр. Сонымен қатар, Түркия әскерінің әскери амалдарының Түркияға қарсы қауіпті азайта алмауымен қоса, бұл қауіп-қатерлердің одан бетер өршітетінін баса айтқан жөн.
Анкара, бір жағынан Сирия мен Ирактың ресми наразылығына қарамастан халықаралық заңдар мен екі елдің территориялық тұтастығын бұзу арқылы көршілерін құрметтемейтінін көрсетсе, басқа жағынан Түркия көршілерінің көзқарасы бойынша Ердоғанның саясаттары әрдайым олар үшін қауіп саналады. Бұл іс Түркияның көршілес елдермен екіжақты қатынастарында дағдарыстың туындауына ұласуы мүмкін.
Сондай-ақ, Сирияның солтүстігін мекендейтін халық қазір де Түркияның шабуылдарына қатты ашуланып, көптеген әскери емес тұрғындар бұл әскери амалдар кезінде зардап шегіп, бүгінде өз үйлерінен көшуге мәжбүр болып отыр. Бұл іс Түркиямен көршілес елдердегі шекара маңын мекендейтін адамдар арасындағы дұшпандыққа соқтырады.
Басқа жағынан, болашақта Сирияның солтүстігінде мекендейтін халықтың құрамында орын алатын өзгеріс барша аймақ үшін, ең алдымен Түркия үшін қаупісіздік тұрғысынан үлкен қауіп тудыруы мүмкін. Сирияның солтүстік аймағын мекендейтін араб және күрд халықтарының құрамына қатысты орын алып жатқан құбылыс келешекте Сирияның осы бөлігінде тайпалық соғыстардың пайда болуына себеп болуы мүмкін.
Режеп Тайып Ердоған аймаққа Түркияның орнын тұрақты елдің орны ретінде көрсете алады. Ол бұл әрекетімен Анкара мен оның көршілері арасындағы қатынастарды солғындатудың орнына, қатынастардың жақсаруына көмектеседі. Режеп Тайып Ердоған Сирия дағдарысы басталған кезден бастап өзінің әрекеттері Сирия мен аймақтың тұрақтылығын сақтап қалуға ұласатындай етіп шара қолдана алатын еді. Сол себепті, егер Ердоғанның қазіргі стратегиясының орнын басатын әрекеттерді назарға алатын болсақ, оның әрекеті соншалықты табысты болмайды.