Сирия Премьер-министрі: Иран мен Сирияның ынтымақтастығы қарсыласу шебін күшейтті
(last modified Mon, 04 Apr 2016 09:27:38 GMT )
Сәу 04, 2016 15:27 Asia/Almaty
  • Сирия Премьер-министрі: Иран мен Сирияның ынтымақтастығы қарсыласу шебін күшейтті

Сирия Премьер-министрі "Иран мен Сирияның жан-жақты ынтымақтастығы қарсыласу шебі мен америкалық-сионистік жобаларға қарсы табандылықты күшейтті" деді.

Сирияның ресми ақпарат агенттігі САНА-ның мәліметінше, Сирия Премьер-министрі Ваел әл-Халқи жексенбі күні Дамаскте Иранның парламенттік тобымен кездесуінде: «Сирияның таяудағы жеңістері Иран мен Сирияның екіжақты ынтымақтастықтарының нәтижесі»,- деп қуаттаған. Ол екі елдің тарихи және стратегиялық қарым-қатынастарының тереңдігіне тоқталып: «Иран мен Сирияның екіжақты қарым-қатынастары Сирия халқының мүмкіндіктері мен қарсыласу шебінің күш-қуатын арттыруда және экономикалық санкциялардың салдарларына қарсы тұруда маңызды рөл атқарды»,- деп мәлімдеді.

Иранның парламенттік тобының басшысы Амир Ходжасте де сол кездесуде Иран халқының Сирия халқы мен басшыларының лаңкестікпен күресін қолдайтынын қуаттады. Ол сонымен бірге сириялықтардың дұшпанды жеңіп, бөгделердің араласуынсыз елді қайта құратынынн айтты.