Рухани Ердоғанмен телефон арқылы сұхбатта АҚШ-тың біржақтылығына қарсы тұру керектігін қуаттады
https://itolqyn.com/news/west_asia-i36864-Рухани_Ердоғанмен_телефон_арқылы_сұхбатта_АҚШ_тың_біржақтылығына_қарсы_тұру_керектігін_қуаттады
Иран Президенті АҚШ үкіметінің біржақтылығына қарсы тұру қажеттігін қуаттап: "Америкалықтар халықаралық келісімдер мен міндеттемелерден шығынсыз, оңайлықпен шығып кете алмайтынын білуі тиіс",-деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Maм 11, 2018 17:57 Asia/Almaty
  • Рухани Ердоғанмен телефон арқылы сұхбатта АҚШ-тың біржақтылығына қарсы тұру керектігін қуаттады

Иран Президенті АҚШ үкіметінің біржақтылығына қарсы тұру қажеттігін қуаттап: "Америкалықтар халықаралық келісімдер мен міндеттемелерден шығынсыз, оңайлықпен шығып кете алмайтынын білуі тиіс",-деді.

Хасан Рухани бейсенбі күні Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сұхбатта АҚШ тарапынан Иран халқына қарсы салынған кез келген жаңа санкцияның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарары мен халықаралық ережелерге қайшы болатынын қуаттап: "Иран мен Түркия арасындағы саудада ұлттық валютаны қолданып, таңдамалы сауданы кеңейту және банкаралық қатынасты дамыту өте маңызды. Бұл екі елді өзара саудада шетелдік валютаны қолдануға деген тәуелділіктен арылтады",-деді.

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған да телефон арқылы сұхбатта АҚШ-тың өз қате шешімінің ең негізгі жеңіліс табушысы екенін айтып, ИИР-ның бұған қатысты ұстанымын сындарлы әрі қисынды деп атады.