Израильдің Сирияға шабуылдары – сионистік режимнің үстемшіл болмысының дәлелі
(last modified Fri, 11 May 2018 12:00:19 GMT )
Maм 11, 2018 18:00 Asia/Almaty
  • Израильдің Сирияға шабуылдары – сионистік режимнің үстемшіл болмысының дәлелі

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы сионистік режимнің жуырдағы Сирияға шабуылдарын айыптап, оларды сионистік режимнің басқыншылық әрекеті; оның дағдарыс тудырушы әрі өтірік айтатын үстемшіл болмысының айқын дәлелі деп атады.

Сионистік режимнің қырғи ұшақтары, артиллериясы мен танктері соңғы күндері Сирияның әртүрлі аудандарын бірнеше рет нысанаға алды. Израиль лаңкестерді қолдау үшін әрдайым Сирия армиясының позицияларына шабуыл жасап келеді.

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми сионистік режимнің аймақтың тұрақтылығы, қауіпсіздігі мен тыныштығына төзе алмайтынын айтып: "Израиль аймақ неғұрлым тұрақсыз әрі қауіпті болғанда өз қауіпсіздігі сақталады деп санайды",-деді.    

 

 

Тегтер