АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығуы сионистік режимнің жойылуын тездетеді
(last modified Sat, 12 May 2018 20:06:32 GMT )
Maм 13, 2018 02:06 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың

ИИР армиясы Құрлық күштерінің қолбасшысы бригада генералы Хейдари: "АҚШ Президенті Дональд Трамптың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатынасы сионистерге теріс әсерімен қоса Израильдің жойылу үдерісін жылдамдатады",-деді.

Бригада генералы Киумарс Хейдари сенбі күні  Теһранда қорғаныс саласына қатысты үш кітаптың тұсаукесер рәсімінде тілшілерге берген сұхбатында  Ислам революциясы жетекшісінің сионистік режимнің алдағы 25 жылда жойылатыны туралы үш жыл бұрын берген уәдесіне тоқталып: "Иран армиясы Құрлық күштерінің күнтізбесіне зұлым сионистік режимнің жойылу үдерісінің кері санағы енгізілді.

ИИР қорғаныс саласына қажет барлық заттарды өндіріп, әлемге көрсете алады",-деді.