Палестиналықтар "Некбат" күнінің жылдығына орай шеру өткізді
Палестиналықтар 15 мамыр күні "Некбат" күнінің жылдығымен бір мезгілде Иордан өзенінің батыс жағалауы мен Газа секторының әртүрлі аудандарында шеруге шықты.
Иордан өзенінің батыс жағалауы мен Газа секторында орналасқан Рамалла, Бейт-Лахем, әл-Бире мен әл-Халилдегі жүздеген палестиналық "Некбат" күнінің жылдығына орай өткен шеруге қатысты. Палестиналықтардың шерулерінің жалғасуымен бір мезгілде сионистік режимнің армиясы әскери техниканы Газа секторының солтүстік шекараларына орналастырды. Осындай жағдайда Палестинаның түкпір-түкпіріндегі палестиналықтар дүйсенбі күні Газада шәһид болғандарға құрмет білдіріп, аза тұту ретінде ереуіл өткізді. Палестиналық топтар да өз мәлімдемесінде Палестина халқын Газа секторындағы қоршау жойылып, босқындар қайтып оралғанға дейін шеруді жалғастыруға шақырды.
Палестинаның Денсаулық сақтау министрлігі палестиналықтардың АҚШ елшілігінің Құдсқа көшірілгеніне наразылық ретінде дүйсенбі күнгі өткізген шерулерінде кем дегенде 60 палестиналықтың шәһид болып, 2770 адамның жараланғанын хабарлады.