АҚШ пен сионистік режимнің қылмыстары алдында Ислам әлемінің бірлігін сақтау қажет
(last modified Thu, 17 May 2018 08:45:36 GMT )
Maм 17, 2018 14:45 Asia/Almaty
  • АҚШ пен сионистік режимнің қылмыстары алдында Ислам әлемінің бірлігін сақтау қажет

ИИР Президенті аппаратының басшысы Ваези сионистердің палестиналықтарды қырып-жоюы мен АҚШ елшілігінің Тель-Авивтен Құдсқа көшірілуіне тоқталып, АҚШ пен сионистік режимнің қылмыстары алдында Ислам әлемінің бірлігін сақтау қажеттігін баса айтты.

Махмуд Ваези сәрсенбі күні Анкарада Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен кездесуінде сионистердің жуырдағы шабуылында 60-тан астам палестиналықтың шәһид болғанына көңіл айтып, Ислам ынтымақтастық ұйымының төрағасы Ердоғанның осы ұйымның Газадағы апатқа қатысты төтенше жиналыс өткізу туралы бастамасына алғыс білдірді.

Режеп Тайып Ердоған да кездесуде Газаның жағдайы мен сионистердің жуырдағы қылмыстарына алаңдаушылық білдіріп, АҚШ елшілігінің Құдсқа көшірудің Газада әйелдер мен балалардың өлтірілуіне жағдай жасағанын айтып: "Әлемнің барлық мұсылмандары сионистердің бұл әрекеттерін айыптайды",-деді.

Түркия Президенті, сондай-ақ, ИИР-ды Ислам ынтымақтастық ұйымының төтенше отырысына қатысуға шақырды. Газа мәселесіне қатысты бұл отырыс жұма күні өтеді деп жоспарланған.  

Ердоған АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққанын сынап, Вашингтонның бұл ісін уағда бұзушылық және дипломатия, бейбітшілік пен аймақтық және халықаралық ынтымақтастық үшін қатер дабылы деп атады.