Нетаньяху тағы Иранға қарсы уәж айтты
https://itolqyn.com/news/west_asia-i37026
Сионистік режимнің Премьер-министрі сәрсенбі күні ИИР-ға қарсы жарнамалық көріністерінің жалғасында бір телевизиялық бағдарламада бөлшектерді көрсетіп, олардың басып алынған Палестина көгінде құлатылған бір ирандық ұшқышсыз ұшаққа тиесілі екенін айтты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 17, 2018 15:03 Asia/Almaty
  • Нетаньяху тағы Иранға қарсы уәж айтты

Сионистік режимнің Премьер-министрі сәрсенбі күні ИИР-ға қарсы жарнамалық көріністерінің жалғасында бір телевизиялық бағдарламада бөлшектерді көрсетіп, олардың басып алынған Палестина көгінде құлатылған бір ирандық ұшқышсыз ұшаққа тиесілі екенін айтты.

Al-Alam ақпарат арнасының хабарлауы бойынша, Беньямин Нетаньяху VICE News телеарнасына берген сұхбатында үстелдің үстіне қойылған бөлшектерге нұсқап: "Бұл – біз құлатқан ирандық ұшқышсыз ұшақ",-деді.

Сионистік режим 10 ақпанда бір ирандық ұшқышсыз ұшақты басып алынған Палестина көгіне кірген кезінде құлатқаны туралы уәж айтты. Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми тура сол күні сионистердің күлкілі уәждерін теріске шығарған болатын.