Иран Президенті әлемдік қауымдастықтың Палестина халқының құқықтарын қолдауға міндетті екенін қуаттады
ИИР әрдайым жапа шеккендердің қорғап келеді. Иран Ислам революциясының маңызды мақсаттарының бірі қасиетті Құдс пен басып алынған Палестинаны азат ету болып отыр.
ИИР Президенті Хасан Рухани жұма күні түстен кейін Түркияның Стамбұл қаласында 57-ден астам ислам елі басшыларының қатысуымен өткен Ислам Ынтымақтастық Ұйымының төтенше отырысында ИИР-ның осыған қатысты ұстанымын мәлімдеп, ислам елдерінің Палестина халқын қорғауға міндетті екенін қуаттады.
Рухани осы отырыста АҚШ үкіметінің өз елшілігін Тель-Авивтен Құдсқа көшіруіне қатысты заңсыз шешімін нақты зерттеу және онымен күресу жолдарын табу үшін Ислам Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдердің саяси-экономикалық және құқықтық мамандарынан тұратын сараптамалық топ құру қажеттігін айтып, халықаралық, аймақтық және ұлттық деңгейде АҚШ үкіметі мен сионистік режимге қарсы саяси-экономикалық және сауда-саттық саласында шара қолдануды сұрады.
Палестинада жуырда орын алған оқиғалар мен Құдс мәселесіне қатысты үш маңызды жайт бар. Осы тақырыпты талқылағанда бұл жайттарға көңіл аудару қажет: біріншіден, палестиналықтардың Палестина жерінің шынайы иесі екені – шындық. Ешбір алмастыру мен жалған болмыс бұл шындықты өзгерте алмайды; екіншіден, соңғы бірнеше күнде Вашингтон-Тель-Авивтің жаңа қастандығы аясында сионистердің АҚШ елшілігін Бейт ул-Мұқаддасқа көшіру сылтауымен Құдсты толық басып алу жобасын орындауға талпыныс жасауы – ақымақтық; үшіншіден, Палестина халқының құқықтарына сызат түспейді. Палестина халқы өз жерлерін басқыншылардың қолынан азат ету үшін ешқашан бітімге келмейді, бітім жасауға әзір болмайды, қазір өткеннен де бекемірек басқыншыларға қарсы тұр. Алайда кейбір араб елдері осы басқыншылықты растауда сионистік режиммен одақтасып отыр.
Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи осыдан бұрын Құран қарилері және мадақтаушылармен кездесуінде жасаған баяндамасында ислам әлемінің қиыншылықтарына, әсіресе Палестина халқының жағдайына тоқталып: "Осы бірнеше күнде жалған сионистік режимнің алпыстан астам адамды шәһид етіп, мыңдаған адамды жаралаған қылмыстарын көрдік. Мұндай жағдайда кейбіреулер АҚШ неге өз ұстанымын білдірмейді деп шағым айтады. Шын мәнінде АҚШ пен Батыс елдерінің көбі осындай қылмыстардың жасалуына ортақтас болып отыр",-деді.
Араб әлемінің танымал жазушысы әрі сарапшысы Абдель Бари Атван палестиналықтардың Газада қырып-жойылуы туралы: "Олар қарусыз адамдар еді. Тек өздерінің туларын көтеріп, шекараға қарай жүрген болатын. Олар мен израильдіктер арасында тек бір шекаралық дуал ғана болды. Израильдіктер алысқа ататын мылтықтарды пайдаланды. Алайда Батыстың ақпарат құралдары бұл тақырыпты қатігездікке толы шеру деп сипаттады. Палестиналықтарда мылтық болды ма? Олардың қолында жарылғыш заттар болып па еді? Мұны елестету мүмкін емес. Батыс ақпарат құралдарының әрекеттері барлық өзгерістерді жағымсыз сипатта көрсетуге бағытталған. Олар шындықты жасыруда",-деді.
Шындық мынада: Палестина халқы тарихтағы ең үлкен зұлымдыққа ұшырап отыр. Палестина мәселесінің екінші жағында бала өлтіргіш басқыншы режим тұр. Ол АҚШ-тың қолдауымен әлемдік түйткілге айналды.
Осындай жағдайда халықаралық қауымдастық, соның ішінде ислам әлемі, БҰҰ, халықаралық құқықтық ұйымдар Палестина халқын қорғауға міндетті. Олардың барлығы осы саладағы өздерінің міндеттемелерін орындауы тиіс.