Сейіт Хасан Насролла: Соғысқұмар емеспіз, бірақ одан қорықпаймыз
(last modified Sat, 26 May 2018 12:16:37 GMT )
Maм 26, 2018 18:16 Asia/Almaty

Ливан Хезболласының бас хатшысы бұл қозғалыстың соғысқұмар еместігін, бірақ соғыстан қорықпайтынын айтып: "Сионист дұшпан ливандықтардың қарсылығын көргенде ешбір шартсыз Ливанның оңтүстігінен кері шегінуге шешім қабылдады",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ливан Хезболласының бас хатшысы сейіт Хасан Насролла жұма қарсыласу өзегінің жеңіске жетіп, Ливанның оңтүстігінің азат етілгеніне 18 жыл толуына орай сөйлеген сөзінде сарбаздардың саны мен құрал-жабдықтардың сапасы тұрғысынан қарсыласу мүмкіндіктерінің 1982 жылдан 2000 жылға дейін өте төмен болғанына тоқталып: "Қарсыласу күштері жеңіске лайықты екендіктерін көрсетті. Бұл жеңіс сионист дұшпанның қарсыласу қозғалысы алдында өз-өзіне сенімін жоғалтатынын көрсетті",-деді.

Ливан Хезболласының бас хатшысы АҚШ пен Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесінің Хезболлаға қарсы санкцияларына тоқталып: "Бұл санкциялардың мақсаты –  халықты қарсыласу өзегінен алшақтату, бірақ АҚШ пен оның одақтастарының қарсыласу өзегімен күресі жеңіліс табады.

АҚШ-тың Иранға үздіксіз қысым жасауының басты бұл елдің Ливан мен аймақтағы қарсыласу өзегінің басты демеушісі болып отырғанында» деді.

Ливан Хезболласының бас хатшысы Құдстағы соңғы өзгерістер мен АҚШ үкіметінің сионистік режимді қолдауына тоқталып, биылғы Дүниежүзілік Құдс күнінің халықаралық және аймақтық деңгейде ауқымды түрде өтетінін мәлімдеді.