Әл-Хуси: Сауд Арабиясы мен БАӘ-нің мақсаты – Йеменді басып алу
(last modified Mon, 28 May 2018 08:23:13 GMT )
Maм 28, 2018 14:23 Asia/Almaty
  • Әл-Хуси: Сауд Арабиясы мен БАӘ-нің мақсаты – Йеменді басып алу

Йеменнің Ансаролла қозғалысының бас хатшысы Сауд Арабиясы мен БАӘ-нің Йеменге әскери басқыншылығының мақсатын бұл елді басып алу деп атап: "Оларда ешқандай бейбіт мақсат жоқ",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Абдулмалик Бадреддин әл-Хуси жексенбі күні кешке сөйлеген сөзінде Сауд Арабиясы мен БАӘ-нің Йеменнің кейбір облыстарындағы тәкфирлік әрекеттерді қолдау үшін миллиардтаған доллар жұмсағанын айтып: "Саудиялықтар Йеменге шабуылдың басында халық арасында қайшылық пен дұшпандық тудыруға талпыныс жасады",-деді.

Йеменнің Ансаролла қозғалысының бас хатшысы Сауд Арабиясы мен БАӘ офицерлерінің Йеменнің әл-Маха ауданында америкалық және сионист офицерлермен байланыста екенін айтып: "АҚШ  пен сионистік режим Йеменге әскери басқыншылық жасауға қатысты одақтасып алған",-деді.

Ол, сондай-ақ, Сауд Арабиясы мен БАӘ-нің Палестина халқына қарсы да қастандық ұйымдастырып жатқанын қуаттап, сионистік режимнің Премьер-министрі  Беньямин Нетаньяхудың Йеменге басқыншылықты осы режим мен Сауд Арабиясының ортақ мүдделерінің бір бөлігі санайтынын айтты.