Әлемдік Құдс күніне дейінгі Палестина: теңізден өзенге дейін
Палестина – ислам әлемінің басты мәселесі. Рамазан айының соңғы жұмасында Дүниежүзілік Құдс күнін өткізу осы маңызды тарихи мәселені еске салады.
Ислам революциясының негізін қалаушы имам Хомейни Израильдің болмысы мен АҚШ-тың аймақтағы мақсаттарын жақсы білетіндіктен әлем мұсылмандарының палестиналықтарға тілеулестігін бұрынғыдан да көбірек жариялау үшін Рамазан айының соңғы жұмасын Дүниежүзілік Құдс күні деп атап: "Бұл күн жалғыз Палестина күні емес, алпауыт елдерге ислам елдерінде ілгерілей алмайтынын түсіндіретін күн. Бұл күні барлық алпауыттарға исламның олардың қарамағында емес екенін ескертуіміз керек. Құдс күні – исламның жанданатын күні",-деді.
Палестина халқы өз жерін басқыншыдан қорғау үшін осы уақытқа дейін ауыр шығын төледі, алайда барлық қысымдарға қарамастан берік әрі бекем болып қалды. Қазіргі таңда Палестинаның тағдыры сезімтал кезеңге аяқ басты. Сегізаяқ сынды Палестина елінің көп бөлігін жұтып қойған «Израиль» деп аталатын қылмыскер режим басқыншылығын толықтыру үшін АҚШ-тың көмегімен қасиетті Құдста өзінің сұрқия жоспарын орындап жатыр.
Газа секторындағы Палестина азаматтарын, әсіресе балалар мен әйелдерді қырып-жоюдың жаңа кезеңі сионистік режимнің өткен 70 жылдың ішінде палестиналықтарға қарсы қолданған қылмыстық тәсілінің жалғасы болып табылады.
БҰҰ-ның жарғысы бойынша, жері басып алынған халық өзін қарумен басқыншыдан қорғай алады.
Палестина исламдық қарсыласу қозғалысының Ирандағы өкілі Халед Қодуми осы жайында: "Қарсыласу қозғалысы қажет болған жағдайда сионистік режимге қарумен қарсы тұрып, бар күш-қуатымен дұшпанмен күресіп, қажет болса, бейбіт шеру арқылы өзінің құқығын қорғайтын болады",-деді.
АҚШ үкіметі 14 мамырда аймақ пен әлемдегі ауқымды қарсылықтарға қарамастан өз елшілігін басып алынған Құдсқа көшірді.
Газа секторының халқы Құдста АҚШ елшілігі ашылып жатқан сәтте шеруге шықты. Шерушілер сионистік режим әскерилерінің қолынан қанға бөкті. Құдсты басып алған режимнің әскерилері 60-тан астам палестиналықты шәһид етіп, мыңдаған адамды жарақаттады.
Таяу Шығыс мәселелері жөніндегі сарапшы Хасан Риверан осы қылмыстардың тамырын сараптап, басқыншылықтың болмысына тоқталып: "Сионистер бір кезде еврейлер Палестина жерінде болған деген жалған тарихи рауаят негізінде бұл жердің оларға тиесілігін айтады. Егер бір халықтың бір кездері бір жерде болғанына байланысты сол жердің мәңгілікке оларға тиесілі екені басты критерий болса, біз, ирандықтар бір кездері Грекия мен Мысырда да болдық, басқа да көптеген жерлерде болдық. Сионистер заңдылық ретінде сүйенетін мәселелердің ешқайсысы заңды емес",-деді.
Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи өткен қаңтар айында Теһранда Ислам Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдердің Парламентаралық одағының он үшінші конференциясына қатысушылармен кездесуінде: "Палестина – теңізден өзенге дейінгі тарихтың жиынтығы. Құдс – оның астанасы. Бұл ақиқатқа күмән келтіруге болмайды",-деп қуаттады.
Палестина мәселесі мен қасиетті Құдстың басып алынуы – жарты ғасырдан бергі Таяу Шығыстағы ең ауыр дағдарыстардың бірі. Иран халқы әрдайым Палестинаның жапа шеккен халқының құқығын айбынмен қолдап келеді және қазіргі қысылтаяң шақта да қолдауды жалғастыруға еш күмәнданбайды.