Израильдік дәрігерлердің бір тобы Бен Салманның денсаулығын қадағалау үшін Риядқа келіп жетті
Құдста шығатын палестиналық AL Manar газеті израильдік дәрігерлер тобының саудиялық тақ мұрагері Мохаммад Бен Салманның денсаулығын қадағалау үшін Арабстанның астанасы Риядқа келіп жеткенін жазды.
Мохаммад Бен Салман сәуір айының 21 күні Риядтағы ал-Хазами аймағындағы Саудия патшасының сарайына жақын жерде болған атыс оқиғасынан бері БАҚ мен қоғамның назарына түспей келеді. Оның тағдыры жайлы хабар жоқтың қасы. Ол тіпті Американың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның жуырдағы сапары кезінде де ақпарат құралдарынан көрініс таппады.
Al-Alam хабар арнасының дүйсенбі күнгі мәліметі бойынша AL Manar газеті осы хабарды жариялап, ал-Хазами аймағындағы саудиялық тақ мұрагері сарайында төңкерістің орын алғанын растап: «Сол түнгі төңкеріс барысында Мохаммад Бен Салманға екі оқ тиіп, аяғының қылтасынан жараланды» деп қуаттады. Alkawthartv торабы да бүгін америкалық дереккөздерінің саудиялық тақ мұрагерінің ал-Хазами аймағындағы патша сарайында болған оқиғада жараланып, тікұшақ арқылы оқиға орнынан әкетілгенін растағанын мәлімдеді.
Кейбір дереккөздерінің мәліметтеріне сәйкес, саудиялық тақмұрагері сол оқиғада жаралануына байланысты Германияда жасырын түрде емделгеннен кейін қайтадан Сауд Арабиясына оралған.