Палестиналықтар сионистік режиммен ақпараттық күресте жеңіске жетті
https://itolqyn.com/news/west_asia-i37646-Палестиналықтар_сионистік_режиммен_ақпараттық_күресте_жеңіске_жетті
Палестина исламдық қарсыласу қозғалысы ХАМАС-тың саяси кеңсесінің басшысы палестиналық бұқаралық ақпарат құралдарының ақпарат пен «Оралу» шерулеріндегі өзгерістерді таратып, оларды әлемдіктерге таныстыруда, яғни сионистік режиммен ақпараттық соғыста жеңіске жеткенін мәлімдеді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Маусым 09, 2018 23:08 Asia/Almaty
  • Палестиналықтар сионистік режиммен ақпараттық күресте жеңіске жетті

Палестина исламдық қарсыласу қозғалысы ХАМАС-тың саяси кеңсесінің басшысы палестиналық бұқаралық ақпарат құралдарының ақпарат пен «Оралу» шерулеріндегі өзгерістерді таратып, оларды әлемдіктерге таныстыруда, яғни сионистік режиммен ақпараттық соғыста жеңіске жеткенін мәлімдеді.

Палестина ақпарат орталығының мәліметіне сәйкес, ХАМАС-тың саяси кеңсесінің басшысы Исмаил Һание жұма күні Әлемдік Құдс күнімен тұспа-тұс ақпарат саласының белсенділері мен серіктеріне қаратып айтқан сөзінде сионистік режимнің палестиналықтардың ақпарат саласында жеңіске жеткенін мойындағанын, себебі, палестиналық БАҚ таратқан хабарлардың өте әсерлі, толығымен шынайы, кәсіби және гуманистік болғанын айтты.

Наурыз айының отызында Газа шекарасында «Оралу құқығы» шерулері басталғаннан осы уақытқа дейін кемінде 60 тілші сионистердің оғынан қаза болды.