Нетаньяху Израильдің Иран халқына қолдау көрсететіні туралы уәж айтты
Сионистік режимнің премьер-министрі жексенбі күнгі масқара сөзінде Израильдің Иран халқына қолдау көрсететіні туралы уәж айтты.
IRNА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Беньямин Нетаньяху видео жолдауында Иран халқына басқару және су тазарту саласындағы жаңа технологияларды ұсынуға мүдделі екендігін мәлімдеді.
Нетаньяхудың бұл масқара уәжі сионистік режим қазіргі таңға дейін Иран халқына қарсы жауластық әрекетінде ешнәрседен тайынбаған жағдайда айтылып отыр.
Нетаньяху бұл ұсынысты басып алынған жерлердің шекарасына жақын маңдағы Газа секторындағы Палестина халқы сионистік режимнің толық қоршауына алынған жағдайда жасады.
БҰҰ-ның мәлімдемесіне сәйкес, Газа секторында халық азық-түлік, дәрі-дәрмек пен ауыз суы бойынша дағдарысты жағдайды бастан кешіп отыр.