Әл-Хуси: АҚШ пен Ұлыбритания әл-Ходейдадағы соғысқа жауапты
Йеменнің Жоғары революциялық кеңесінің басшысы Мұхаммад Әли әл-Хуси: "АҚШ пен Ұлыбритания Йеменнің оңтүстігіндегі әл-Ходейдағы кез келген жаңа соғыстың басталуына жауапты",-деді.
ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Мұхаммад Әли әл-Хуси сәрсенбі күні кешке: "Атысты тоқтату бітімі туралы ешқандай келіссөз жүргізіліп жатқан жоқ. Саудиялық коалиция атысты тоқтату бітімін жариялау туралы мәселе көтеру арқылы Йемен халқына қарсы ақпараттық және психикалық соғыс жүргізуді мақсат тұтады.
Дұшпандық Йемен халқының ерік-жігеріне әсер етпейді. Бұл халық саудиялық коалиция алдында өзінің мықтылығын дәлелдеді",-деді.
Саудиялық басқыншы коалиция сәрсенбі күннен бастап Йеменнің әл- Ходейда айлағына шабуыл бастады. Әл- Ходейданы басып алу амалдарының басталуымен бір мезгілде йемендік күштер осы коалицияның бір кемесін екі зымыранмен нысанаға алды. Нәтижесінде саудиялық коалицияның басқа кемелерінің кері шегінуіне себеп болды.
БАӘ Қарулы күштерінің бас қолбасшысы Йеменнің әл- Ходейда шайқасында 4 әскеридің, соның ішінде осы елдің теңіз күштерінің бір офицері қаза болғанын растады.