Асад: Иран мен Сирияның қарым-қатынасы стратегиялық сипатқа ие
(last modified Thu, 14 Jun 2018 09:50:33 GMT )
Маусым 14, 2018 15:50 Asia/Almaty
  • Асад: Иран мен Сирияның қарым-қатынасы стратегиялық сипатқа ие

Сирия Президенті Башар Асад Al-Alam телеарнасына берген арнайы сұхбатында Иран мен Сирияның қарым-қатынасын стратегиялық сипатта деп атады.

Башар Асад сәрсенбі күні кешке Al-Alam телеарнасында көрсетілген сұхбатында Сауд Арабиясының Теһран-Дамаск қатынасын үзу ұсынысы жайлы: "Иран мен Сирияның стратегиялық қарым-қатынасы оңтүстік пен солтүстік мәселелерінің ықпалына түспейді. Бұл қатынас барлық аспектілерімен бірге  шынайы түрде аймақтың қазіргісі мен болашағымен тікелей юайланысты. Ол халықаралық нарықтағы бағалардың ықпалына түспейді.

Сирия да, Иран да бұл қатынасты талқыламайды. Айтылған нәрселер – Израильдің жобасы. Оның мақсаты – Иранды түйткілге ұшыратып, қыспаққа алу",-деді.  

Асад ирандық кеңесшілерді Сирияға шақыру туралы: "Сирия үкіметі басынан-ақ ирандықтар мен ресейліктерді Сирияға келуге шақырды, өйткені бұл елдердің көмегіне мұқтаж болды. Иран Сирияның өтінішіне оң жауап берді",-деді.

Сирия Президенті, сондай-ақ, Израильдің Сириядағы лаңкестерге тікелей қолдау көрсететін айтып, Израильге берілетін ең жақсы жауапты Сириядағы лаңкестерді нысанаға алу деп атады.

 

Тегтер